Оралда краннан «адам өмірі үшін қауіпті» су ағатыны туралы хабарлама жұртты шошытты
Оралда WhatsApp мессенджерінде «адам өмірі үшін қауіпті» су туралы хабарлама тарап кетті. Алайда «Батыс су арнасы» ЖШС өкілі аталған ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оралдықтардың WhatsApp мессенджеріне «қауіпті су» туралы хабарлама жіберіле бастаған.
«Құрметті, суды қолданушылар! 9-10 сәуірде су беру жүйесі мен ұңғыманы залалсыздандыру шарасы өтеді. Су беру жүйесі 24 сағатқа залалсыздандыратын құралмен (сұйық хлор) толтырылады. 24 сағат ішінде кран және унитаздың су ағызу жүйесін қолдануға тыйым салынады. Бір тәулік өткеннен кейін, 24 сағат бойы суды ағызып қою қажт. Суды тек 2018 жылдың 11 сәуірінен бастап қолдануға болады. 9 сәуірде 48 сағатқа жететін су қорын жинап алуларыңызды өтінеміз. 9-10 сәуірде суды қолдану өміріңізге қауіпті», – деп жазылған хабарламада.
Алайда «Батыс су арнасы» ЖШС өкілі аталған ақпаратты жоққа шығарды.
«Залалсыздандырған кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмес үшін, сұйық хлорды мұншалықты көп мөлшерде қолданбаймыз. Бұл жалған ақпарат. Бізге тұрғындар хабарласып жатыр. Оларға 9-10 сәуір күндері суды қолдануға болатынын және қауіпті емес екенін түсіндірудеміз», – дейді «Батыс су арнасындағылар».
Оқи отырыңыз:
Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда
Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды
Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?
Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды