Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қараусыз қалған үш бала көлікпен бірге суға батып кетті

Оралда көлікте қараусыз қалған үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

утонул

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға кеше Шаған өзенінде болған. Сағат 16.55-те белгісіз әйел 102 телефонына қоңырау шалып, ішінде үш бала болған автокөліктің өзенге батып кеткенін хабарлаған.

"Оқиға орнына сол маңда жүрген 3 қызметкерден тұратын полиция тобы дереу жетіп, балаларды құтқармақ болып суға секірген. Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады. Екеуі бір үйдің балалары. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.  Қазіргі таңда қоиға бойынша ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Балалар ересектермен бірге табиғат аясында демалуға келген", - делінген ресми хабарламада.  

Еске салайық, бұған дейін Таразда өрт болып, қараусыз қалған екі баланың көз жұмғаны жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау