Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесі - жұмыста, шешесі ауруханаға кеткен". Тараз қаласында жер үй өртеніп, екі сәби қаза болды

1 қазанда Тараз қаласында жер үйден өрт шығып, 2-3 жасар екі сәби қайтыс болған. Бұл туралы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәдімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, балалардың әкесі - жұмыста, шешесі ауруханаға кеткен кезде үй өртенген.

2020 жылдың 1-ші қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан.


Ақмола облысында үй өртеніп, кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды 


Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйретуге шақырады.

Талқылау