Оралда ер адам 12-ші қабаттан құлап кетті
Оралда 12-ші қабаттың балконынан құлаған егде жастағы ер адам көз жұмды.
Бұл туралы “Уральская неделя” басылымы хабарлады.
Қайғылы оқиға Достық көшесінің бойында орналасқан 14 қабатты тұрғын үйде сейсенбі күні таңғы сағат 9 шамасында болған. Ер адам 12-ші қабатқа дейін көтеріліп, сосын өзін төменге қарай тастап жіберген. Қайтыс болған адамның жасы шамамен 60-та.
“Мен таңғы 9 шамасында жұмысқа келдім. Сол кезде сырттан әйел адам кіріп, көшеде ер адам денесінің жатқанын айтты. Терезеден қарап, сыртқы шығуға қорқып кеттім”, – дейді Жұмабике Мүтешова.
Көпқабатты үйдің тұрғыны, тағы бір әйел болған оқиға туралы айтып берді.
“Бұл бірінші болып отырған жағдай емес. Сірә, бұл – адамдардың тұрмыстық проблемасына қатысты емес сияқты”, – дейді әйел.
Қайтыс болған адамның тұлғасы анықталуда.
Талқылау