Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда екі жасар қыз әжетхана шұңқырына құлап мерт болды

Оралда 2 жасар қыз үйдің ауласындағы әжетханаға құлап кетіп, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Дерқұл ауылында болған. Абылайхан көшесіндегі үйдің ауласында ойнап жүріп, дәретханаға байқаусызда түсіп кеткен 2021 жылғы кәмелетке толмаған А.-ның мәйіті табылды.

Мұны көрген балалар бірден ата-аналарына хабарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, қыз көз жұмды.

Полицейлер қыздың ересектердің қарауынсыз ойнағанын анықтады.

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде жазатайым оқиға ретінде тіркелген.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 25 Шілде, 2023 17:34
Талқылау