Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бес жасар баланың үстіндегі киімі өртеніп, денесі күйіп қалды

Кішкентай Орал тұрғынының денесі үстіндегі киімі өртенгеннен кейін күйіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Төтенше жағдай Солтүстік-Шығыс 19-шы ықшамауданының ауласында орын алған. БҚО-дағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 20 тамыз, сағат 16.10-да жедел жәрдем станциясына шақыру түскенін түсіндірді. 

"2012 жылы туылған бала науқастарды қабылдайтын бөлмеге термиялық күйікпен түсті. Белгісіз бір бала жеңіл жейдесін өртеп жіберген. Күйіктің аумағы — 3-6 пайыз. Алғашқы көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Ұсынымдармен амбулаториялық бақылауға жіберілді", — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Полиция департаменті осы фактіні растады. "Қазір кінәлі адамды анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың өртеніп жатқанын көрген ер адам оны сөндіріп, үстіндегі киімін шешуге көмектескен. Осы белгілі", — деді БҚО-дағы полиция департаментінің баспасөз қызметінің қызметкерлері. 

Әлеуметтік желіде баланы екі ұлдың өртегені жайлы ақпарат пайда болды. 


Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды

Талқылау