AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал аспанындағы белгісіз құбылыс тұрғындарды шошытты

Орал тұрғындары бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде ұшақ іздері анық көрінетін аспан видеолары мен суреттерін бөлісіп жатыр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мұндайды көрмегелі көп болған еді. Украинада соғыс басталғалы осы. Бұл Батыс Қазақстан облысының аумағы", - дейді Орал маңында түсірілген роликтің авторы.

Алайда кей топтарда мамандар бұл құбылысты түсіндірген.

"Ресей шетелдік ұшақтарға әуе кеңістігін жауып тастады, қазір барлығы біздің ел аумағы арқылы ұшады. Ресейдің оңтүстігіндегі барлық дерлік әуежай жабылып, Сочиден басқа көптеген қаланың аспаны жабылды, - делінген пікірлердің бірінде.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, бұл іздер өңір аумағынан ұшатын ұшақтар санының артуына байланысты екенін хабарлады.

"Ресейлік ұшақтарға басқа елдердің үстінен ұшуға рұқсат жоқ. Сондықтан біздің әуе кеңістігіміз пайдаланылады", - деді БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр