Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 9 жасар баланы улы өрмекші шағып алды: Ол жан сақтау бөліміне түсті

Оралда улы өрмекші 9 жасар баланы шағып алды. Ол жан сақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатры Эльвира Дәулетованың айтуынша, баланы бірден ауруханаға жеткізген. 

"Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Аяқ астынан өзін әлсіз сезініп, бүкіл денесі ауырып, артериалды қан қысымы көтерілген, аса тершеңдікке шағымданды. Оны "қара жесір" өрмекшісі шағып алған. Өрмекшіні баланың өзі байқап, үстінен қағып жіберген. Ата-анасы жәндікті шыны ыдысқа салып, бізге алып келді. Бұл өте дұрыс шешім болды, біз қандай ем жасайтынымызды білдік. 

Ол өте қауіпті. Мұндай жағдайда адам сал болып немесе өліп кетуі де мүмкін. У бүкіл ағзаға әсер етеді. Ата-аналардан аса мұқият болуды сұраймыз. Балаларды алаңға жалаң аяқ жібермеңіздер, жәндіктердің шағуынан сақтаңыздар", - деді Эльвира Дәулетова. 



Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Ол әлі жан сақтау бөлімінде жатыр. Есін біледі, өздігінен тамақ іше алады. Мұндай жағдай биылдыққа алғаш рет тіркеліп отыр. 

Дәрігерлер мұндай жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керектігін айтты. 

STAN.KZ
Жұма, 29 Шілде, 2022 15:18
Талқылау