Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылдам әрі кедергісіз интернет": "Қазақтелеком" елордалықтарды GPON желісімен қуантуда

"Қазақтелеком” жыл басынан бері елордадағы 15 тұрғын үй кешеніне талшықты-оптикалық магистраль жүйесін қосты. Нәтижесінде 9 000 тұрғын ең тиімді GPON технологиясындағы жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қол жеткізді.

GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясы – абоненттер үшін ең тиімді әдіс. Ол әрбір клиентке жоғары жылдамдықты (200-ден 500 Мбит/с) ғаламтор желісіне, цифрлық телефон, теледидар қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндағы талшықты-оптикалық кабель мыс кабельдеріне қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Сондықтан ғаламтор қолданушылары көбейген кездің өзінде желі тез әрі еш кедергісіз қызмет көрсетеді. 

Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионы B2C сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова елордада жыл басынан бері 15 тұрғын үй кешенінің GPON технологиясымен жабдықталғанын айтады.

“22 көпқабатты үйге талшықты-оптикалық желі тартылып, 9 мыңнан астам тұрғын ең озық технологиялы қызметке қол жеткізді. Жаңа ғимараттарға желілерді тарту құрылыс жұмыстарымен бірге жүргізілді. Сол арқылы пайдаланушылар желіні ең қысқа мерзімде қостыра алады", –  деді Әлия Ескендірова.

Бұл технологияны таңдағандардың қатарында қаңтар айында берілген "Grand Champion" кешенінің тұрғындары да бар. Мұнда әзірге 1008 пәтер бар. Ал қоныстанып үлгергендер саны 40% ғана.

Жаңадан қоныстанған тұрғындардың бірі, "Қазақтелеком" қызметтерін бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқан – Меруерт Үсембаева. Ол баспанасына осы операторды орнатуды шешкенін айтады. Оның да өз себебі бар.

“Біз бірнеше жылдан бері "Қазақтелекомды" қолданып келеміз. Міне, енді бұл жүйені жаңа пәтерімізге де тез қосып берді. Соның арқасында бұрынғыдай жоғары жылдамдықты интернет пен цифрлық теледидарға қол жеткіздік. Тіпті олар желі ішінде шексіз байланысы бар екі SIM картаны бірге ұсынды. Бұл өте ыңғайлы әрі бағасы жағынан қолжетімді", – деді Меруерт.

Осы ретте GPON технологиясы арқылы магистральды "оптикаға" жаңа объектілерді көбірек қосуға болады. Себебі мұнда талшықты-оптикалық кабель электромагниттік кедергілер, температура мен ылғалдылық секілді сыртқы әсерлерге төзімді.

"Қазақтелеком" компаниясы мамыр айының соңына дейін сапаны жоғалтпай, үлкен көлемді деректерді алыс қашықтыққа жібере алатын технологиямен 16 000 жаңа абонентті қамтамасыз етуді болжап отыр. Сонымен қатар жыл соңына дейін компания елордадағы жаңа ғимараттардағы 31 000 тұрғынға GPON қосылған телекоммуникациялық қызметтердің кең спектрін ұсынбақ.

"Қазақтелекомның" бұл технологиясы тек Астана қаласының тұрғындарына арналмағанын атап өту керек. Өткен жылы компания бүкіл Қазақстан бойынша 150 000 жаңа абонентке заманауи цифрлық мүмкіндіктер ашатын желілер салған. Ал осы жылдың соңына дейін тағы 120 000 жаңа абонентке цифрлық қызмет көрсету жоспарланып отыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Сәуір, 2023 13:51