Оператор РОП-тың бұрыңғы құрылтайшысы кінәсін мойындауға дайын
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі Шынар Мұқтарованың ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотта Шынар Мұқтарованың адвокаттары кінәсін мойындату туралы процессуалдық өтініш бергендерін мәлімдеді.
"Оператор РОП" компаниясының ресми құрылтайшысы, ал бейресми деректер бойынша Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі Мұқтарова шілде айында Светлана Коротенкомен бірге кәдеге жарату алымының 920 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта Мұқтароваға екі қылмыстық бап – 28-баптың 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айып тағылып отыр.
"Біз бұл іс бойынша біздің эпизодқа қатысты залалды өтеуге ниеттіміз", — деді адвокат.
Бұл іс бойынша жәбірленуші тарап – "Жасыл Даму" АҚ.
Еске салайық, халықаралық іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы шілде айында Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталып, Қазақстанға экстрадициялаған еді.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қыркүйек айында куәгерлер Әлия Назарбаеваны "Оператор РОП"-тың соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан еді.