Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 миллиард теңге жымқырған: "Оператор РОП" компаниясының бұрынғы директорына қатысты тергеу басталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

светлана коротенко

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.



Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде утильдік алым мөлшерінің 50%-ға арзандайтыны белгілі болған еді. Вице-премьер Роман Скляр утилизация көлемін алып тастау туралы ұсыныстар шетелдік техниканы импорттаушылар үшін тиімді екенін айтқан болатын.

Назархан Уән
Жұма, 11 Наурыз, 2022 08:38
Талқылау