"Опасыздық": Қазақстанда білім беру платформаларына шабуыл жасағандарды жазалауды сұрады
Білім беру платформаларына соңғы кезде көп шабуыл жасалатын болды. Бұл шабуылдар балалардың білім алуын шектеп жатыр. Осы мәселеге қатысты онлайн білім беру жүйесінің басшылары шабуылшыларды жазалауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн білім беруді ұйымдастырып отырған мамандар мұндай шабуылдың кімге қажет болғанын түсіне алмай отыр. Олар білім саласына кедергі келтіретіндерге тиісті жаза қарастырылуы керек деп есептейді.
"Қазіргі таңда компанияларға жасалып жатқан шабуылдарды опасыздық деп білемін. Оны кім жасағаны белгілі болады деп ойлаймын. Қазақстан азаматы болатын болса, міндетті түрде жазалануы керек. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін нақты шаралар қабылдануы керек", - дейді «Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев.
Шабуылдарға қатысты мәселе шешіліп жатқан көрінеді. Жақын арада онлайн білім беру платформаларына шабуыл жасағандар анықталатын болады.
"Қазіргі таңда шабуылдаушылар тексеріліп жатыр. Шабуыл жасағандардың IP адрестері анықталып, шара қабылдануда", - дейді Bilimmedia group директоры, Onlinemektep жобасының жетекшісі Санжар Кенжеханұлы.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
