Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты
Оңтүстік Кореяда жол-көлік оқиғасы болып, Қазақстан азаматтары қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты Кенгидо провинциясында болған.
"Бейсенбі күні таңертең Сохэн автомагистралінде төрт Қазақстан азаматы отырған көлік жардан құлап, салдарынан олардың барлығы қаза тапты", – делінген хабарламада.
Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түсіп, түрмеге қамалды
Хабарламада Хвасон қаласында Mercedes-Benz көлігі жолаушылармен бірге жолдың оң жақтағы қоршауына соқтығысып, содан кейін жардан құлап, отқа оранған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, жарты сағат ішінде отты сөндірген.
Отқа оранған көліктен төрт ер адамның денесі табылды. Олардың жеке басы әзірге анықталған жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қазақстандық жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"