Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда көз жұмған қазақстандықтың туыстары президенттен көмек сұрады

22 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда жол апатынан көз жұмды. Оқиға болғанына бір апта өтсе де, марқұмның туыстары жігіттің денесін елімізге алып келе алмай отыр. Мәйітті алып келуге отбасының қалтасы көтермейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

қайтыс болды

 

Қазір Байбарыстың артында өзінен кіші екі қарындасы мен мүгедек анасы қалыпты. Жағдайы ауыр марқұмның анасы баласының қазасы жайлы естімепті. Қазір қиын жағдайға тап болған жігіттің туыстары президентке видео үндеу жолдаған. 

"Анамның халі ауыр. Егер ұлының қазасы жайлы естісе, комадан бір-ақ шығуы мүмкін. Мен енді анамды жоғалтқым келмейді. Сол себепті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден көмек сұрап отырмын. Ағамның денесін Отанымызға әкеліп, жер қойнауына табыстауға жәрдемдесіңізші", - дейді марқұмның қарындасы Ақнұр Арын. 

Видео қазақстандық дипломаттарға жетіпті. Еліміздің сыртқы істер министрлігі отбасыға көмектесетінін айтады. Жақын арада Бейбарыс Арынның денесі Түркістан облысына жеткізіледі екен. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 09 Қараша, 2020 21:03
Талқылау