Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарға арналған еңбек визасы пайда болуы мүмкін

31 мамырда Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға арналған еңбек визасын енгізу мәселесін талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

корея

Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөзі Астана қаласында өтті. 

"Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжинмен екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды "Кореяның" жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым", – деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткен еді. Олар Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуе компаниясының рейсімен ұшып барған. Қазақстанның екі азаматына Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген.

Талқылау