Оңтүстік Қазақстанда бір жарым жастағы жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Түркістан облысында құтқарушылар 31 наурыз күні жоғалып кеткен бір жас сегіз айлық баланың денесін 4 сәуір күні судан тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
4 сәуір күні Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Машат кентіндегі Машат өзенінде іздеу-құтқару жұмыстары кезінде төтенше жағдай министрлігінің оперативтік-құтқару жасағы қызметкерлері 2024 жылы туған баланың мәйітін тапты.
“Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген. Қыз бала 31 наурызда өзенге құлаған. Оның мәйіті оқиға болған жерден шамамен 7 шақырым тереңдіктен табылды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Баланы іздеу жұмыстары тоқтағанын еріктілер де хабарлады.
“Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Өте ауыр. Балақай, бізді, ерсектерді кешір, жаның жәннатта болсын”, – деп жазды еріктілер.
Бұған дейін Ақтауда екі айлық сәбидің көз жұмғаны туралы жаған едік.