Оңтүстік Қазақстан облысында 8-сынып оқушысы сарайдан асылған күйінде табылды
Ордабасы ауданы, Қараспан ауылындағы орта мектептің сегізінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған.
Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.
Сарайда асылып қалған 2002 жылы туылған баланы ата-анасы тауып алған. Оны құтқарып қалу мүмкін болмаған. “Өз-өзін өлтіруге дейін апару” бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілмек.
Талқылау