Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онсыз да сұлумын: Аша Матай бес тонна бояудан бас тартуға бекінді

Концерт, фотосессия немесе түсірілім алаңы. Әнші, актрисалар  әрдайым гримның көмегіне жүгінуге мәжбүр. Дегенмен, ел алдына еш бояусыз шығуға қымсынбайтындары да бар көрінеді. Солардың бірі Аша Матай. Косметикасыз жүруінің себебі де бар екен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Сенбі, жексенбі күні мені көріп қалсаңыздар, мүлдем бояусыз жүрем шыны керек. Қорықпаймын, қорқатын ешнәрсе жоқ. Ең бастысы, Алла тағаланың берген түр келбеті. Екіншіден күйеуім бар ғой, сондықтан қорқатын ешнәрсесі жоқ”, – дейді Аша Матай. 

Бастысы тұрмысқа шықтым, енді сырт келбетіме алаңдамаймын деген Аша Матайдың ұстанымын Кентал да қолдайды. Әншінің сөзінен, сұлулық саласынан біраз хабары барын аңғарасыз.

“Қыздар боянғанда бір-біріне ұқсап кетеді. Себебі бәрін жасайтын бір мамандар ғой, “, – дейді Кентал.

Алайда, «Асылдық» Ақерке арнайы бет әрлеуші маманның көмегіне жиі жүгіне бермейді.

“Кей кезде осындай жиындарға әрине өзім боянамын. Қыздар әзілдеп айтып қояды, біздің арамызда тез боянатын Ақерке деп. Менің боянуыма 15 минут уақыт жетеді”, – дейді Ақерке Бүркітбай.

Аян Бірбаевтың нәзік жандыларға өз айтары бар. «Ринголық» серінің көңілінен шықпай жүргені арулардың «қасы» екен.

“Маған ұнамайтыны осы қыздардың қастарына қатты татуаж жасатуы. Қазір соңғы кездері дамыған татуаж жасайды, бірақ онша білінбейді, оған ризамын ол ұнайды. Ал ескі татуажды есіңізге алсаңыз, кәдімгідей басқа ұлт өкілі сияқты болып қалады. Сондықтан, маған өтте қатты ұнамайтын”, – дейді «Ringo» тобының әншісі Аян Бірбаев.

Әншінің сөздері біраз аруға ой салар. Сұлулық әлемді құтқарады. Ол ақиқат. Алайда, қаракөздеріміз әдемі боламын деп, шектен шықпағаны абзал дейді өнердегі жігіттер.

Жіберіп алмаңыз:

Жуырда отбасын құрған Рүстем Жүгінісов әке атануға дайындалып жүр

Гүлназ Жоланова жақында тұрмысқа шығатынын айтты

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Нұрболат Абдуллин танымал хит әнді ұрлап алғанын мойындады

 

Талқылау