Онлайн сауданы үйретемін деп курс сатқан бизнес-тренер қазақстандықтарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен
Фото: freepik.com
Астана қаласының прокуратурасы өзін бизнес-тренер ретінде таныстарып, елордалықтарды алдаған күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қадағалаушы орган мәліметінше, өзін онлайн сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырған адам клиенттерін Instagram желісі арқылы тартып, онлайн саудаға үйрету курстарын ұсынған.
Оқыту аяқталғаннан кейін клиенттеріне тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-ы мөлшерінде табыс табуға уәде берген.
"Алайда төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының 50 млн теңгеден астам залал келтірген 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын толық дәлелдеді", – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот үкімімен кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген