Онлайн-ойыннан ұтылып қалғанына күйінген оқушы өз-өзіне қол салды
Танымал League of Legends MOBA-ойынынан ұтылып қалған испаниялық 13 жастағы оқушы Густаво Деттер өз-өзіне қол жұмсады.

Фото: game2day.org
Бұл туралы life.ru хабарлайды.
Густавоның командасы кезекті матчта ұтылып қалған кезде, достары баланы жеңіліске кінәлі деп есептеп, одан “тұншықтыру ойынын” жасауды талап етеді. Оған келіскен Деттер абайсызда өз-өзін өлтіріп алған.
Команда мүшелері болған оқиғаны веб-камера арқылы бақылап тұрған. Бәрінің көзінше Деттер есінен танып қалған кезде, әлгі балалардың бірі оның немере әпкесіне қоңырау шалады. Густавоны ауыр жағдайда тауып, ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған.
Белгілі болғандай Деттер мұндай “тұншықтыру ойынын” бірінші рет жасамаған. Полиция істі бақылауға алып, тексеруге кірісті.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та ұшқыш алдыңғы дөңгелегі шықпай қалған ұшақты қондырды (видео)
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді