Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онлайн куәлік пен диплом: Қазақстандықтардың құжаттары жыл соңына дейін цифрландырылады

Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар құжаттар цифрландырылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

егов

Бұл туралы үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин мәлім етті. 

Атап айтқанда, пайдаланушыларды Egov-ке тіркеу бір саты бойынша жүзеге асырылады. Бұл пайдаланушыларға кез келген қызметке биометриялық сәйкестендіру арқылы қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде электронды үкіметтің қызметін көбірек адамдар пайдалана алады.


Сондай-ақ, бизнеске онлайн-коммерциялық қызметтерді дамыту үшін биометриялық сәйкестендіру ұсынылатын болады.

"Пайдаланушы қағаз құжаттармен бірге цифрлық құжат қызметін қолдана алады. Жыл соңына дейін жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті, азаматтың төлқұжатын, жоғары білім туралы дипломды, студенттік карточканы, сақтандыру полисін онлайн форматта алу жоспарланып отыр", - деді Мусин.

Аутентификация QR кодын оқу арқылы қамтамасыз етіледі.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек, 2020 09:52
Талқылау