Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бас онкологы: COVID-19 кезінді қатерлі ісікті емдеу мүмкін емес

Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова коронавирустық пандемия жағдайында қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қалай және қандай көмек көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол пандемияға байланысты онкологиялық диспансерлердің жұмысында бірқатар өзгерістер болғанына қарамастан, науқастарға қажетті көмек толық көлемде көрсетілгенін айтты.

20 шілдеде барлық онкологиялық медициналық мекемелер әдеттегідей жұмыс істей бастады. Науқастар стационарлық және амбулаториялық емдеуден өтіп, сонымен қатар толыққанды кеңес ала алады.

"Коронавирустың кесірінен біз жаңа режимде жұмыс істеуге мәжбүрміз. Консультацияға келу үшін теріс ПТР тесті қажет. Тек содан кейін кеңес алу мүмкін болады және қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу керек. COVID-19 тестінен басқа, әдеттегі сынақтар алынып тасталмады. Қан анализі, биохимия, АИВ және гепатитке тест, ЭКГ, өкпенің рентгендік сәулелері және басқаларын жергілікті клиникада жасауға болады", - дейді Диляра Қайдарова.

Соңғы уақытт онкология институты емделушілері коронавирус оң сынама нәтиже көрсеткені туралы және оларды онкологиялық аурудан емдемегені туралы көп шағым түскен. Осыған қатысты маман жауап берді. 

"Қазір біз жаңа алгоритм енгіздік. Біз науқасты операцияға алсақ та, өкпеге компьютерлік томография жасап, пневмония жоқ екеніне көз жеткізуіміз керек. Бізде науқастың ПТР тесті теріс нәтиже көрсетіп, онкологиялық емдеу кезінде ауруының асқынғаны белгілі болған бірнеше жағдай болды. Науқас коронавирустың жеңіл түрімен ауруы мүмкін. Бірақ біз химиотерапия немесе радиациялық терапияны қосқаннан кейін иммунитет төмендейді, ал вирустық инфекция белсенді дами бастайды және пневмонияны тудырады", - деді Қайдарова.

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Шілде, 2020 16:18
Талқылау