Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 19 жастағы бойжеткен анасына бауырын берді

Түркістан облысында алғаш рет бауыр алмастыру отасы жасалды. 19 жастағы бойжеткен анасына ағзасының бір бөлігін беріп, оны аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Түркістанда 48 жастағы Ульяна Нұрметова 2019 жылдан бері бауыры ауырып келген. Тіпті дерті бауыр циррозына дейін жетті. Әйелдің жағдайы ауыр еді, оған тек трансплантация көмектеседі деген. Қуанышқа орай донор өз отбасынан табылды. Қызы Эльвираның ағзасы анасынікімен үйлесе кетті. Бойжеткен бір секундқа ойланбай, анасына донор боламын деп бірден шешті.



Ота төрт сағатқа созылды.  Мамандардың айтуынша, донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты, екеуі де бақылауда және реабилитациядан өтіп жатыр.

“Біз үшін бұл өңірлік медицинаның дамуының жаңа жолы. Қазір бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біздің тұрғын үшін ота тегін жүргізіледі”, – деді облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдабеков. 

Түркістан облысында 117 адам бүйрек немесе бауыр донорына кезекте тұр.

Еске салсақ, қайтыс болған 39 жастағы қазақстандықтың донор болғанының арқасында төрт адам аман қалған еді. 

Талқылау