Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өңір "сары" аймаққа кірген: Қызылорда облысында карантин қатаңдатылды

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері карантиндік талаптарды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дезинфекция

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бұл Қызылорда облысының 8 сәуірден бастап "сары" аймаққа енуімен байланысты екенін атап өтті.

Құжатқа сәйкес, тыйым салынады:

  • қоғамдық орындарда кальяндарды қолдану;
  • ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, "ауыз ашар" және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу;
  • банкет залдарының жұмысына;
  • букмекерлік кеңселердің қызметіне;
  • бильярд, боулингтердің ("Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат), компьютерлік клубтардың ("Ashyq" пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат) түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне;
  • балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
  • мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге;
  • балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына (жабық бөлмелердегі ойын алаңдары мен аттракциондар);
  • көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге.

Төмендегі қызмет түрлеріне рұқсат етіледі:

  • алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысына;
  • қоғамдық көлік жұмысына;
  • банктердің, ХҚКО-лардың, "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінің жұмысына (жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін);
  • қызметкерлердің кемінде 50% ұйымдарда, кеңселерде күндізгі жұмыс режимінде жұмыс істеуіна;
  • белгіленген талаптарды сақтаған және ұжымдық іс-шаралар өткізбеген кезде діни объектілердің жұмысына;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің (үй-жайда) 50% - ға дейін, бірақ 50 орынға дейін толтырылған кезде кестемен 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуі;
  • жексенбіден басқа күндері сауналардың жұмысына;
  • мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық) - 30 адамға дейін;
  • театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының толтырылуы 20 пайыздан аспай жұмыс істеуіне;
  • алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның жұмысына;
  • толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
  • толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
  • ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға арналған спорттық жаттығулар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру).

Сондай-ақ, Қызылорда облысының барлық аумағында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді жалғастыру тапсырылды.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Талқылау