Оны сіз де ала аласыз: Луина қымбат қалыңдық көйлегін тыңдарманына сыйламақ
Күні кеше тұрмысқа шыққан Луина қалыңдық көйлегін оқырманына сыйламақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: instagram.com/luinaofficial/?hl=ru
Луина тойында бір емес, екі көйлек киді. Әнші екінші қысқа көйлегін оқырманына сыйламақ. Бұл үшін суреттің астына пікір жазсаңыз жеткілікті. Кейін көп лүпіл басылған пікірді өзі таңдап алады.
«Бүгіндікке соңғы сурет осы болсын. Ертең де салатын боламын. Спам жасаймын деп уәде берген болатымын. Көзайымға айналған жүзігімді өмір бойы көрсетіп өтуге әзірмін. Өзімнің екінші қалыңдық көйлегімді болашақ жар атанайын деп жүрген аруға сыйлауға әзірмін. Идея қалай сіздерге? Кімге, не үшін және қашан керегін пікір ретінде жазыңыздар. Ең көп лүпіл жинаған пікірді таңдаймыз. Кеттік», - деп жазды Луина.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде әншінің ұсынысын қоштап, пікір жазуға кірісті.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар