Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оны кінәлі деп есептемеймін": Перизат Қайраттың адвокаты соттың неліктен жабық режимде өткенін айтты

10 жылға сотталдыФото: Перизат Қайраттың Instagram парақшасынан алынды

Ерікті Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров сот отырысы туралы пікір білдірді. Ол қорғауындағы адамды кінәлі деп есептемейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адвокат белсендінің жабық отырыс кезінде және соңғы мәлімдемесінде айтқан ақпараттарын нақты алмайтынын жеткізді.

"Айыптар заңсыз және негізсіз. Жабық отырыста өз уәждерімді айттым. Жабық отырыс болғандықтан ештеңе айта алмаймын. Дәлелдер ұсынылмағандықтан, оны кінәлі деп санамаймын. Айта кететін жайт, айыптау актісінде көрсетілген сома шамамен 3 миллиард теңге. Бірақ бұл іске жәбірленуші ретінде барлық қайырымдылық жасаушылар тартылмаған. 51 адам ғана арыз жазған. Мысалы, "Асар Уме" қоры 200 миллион теңге, Kaspi Bank – 620 миллион, Jusan Bank – 300 миллион теңге көлемінде талап қойды. Ал айыптауда көрсетілген қаржы талап-арыздар сомасынан да көп. Перизат тағылған айыппен келіспейді", – деді адвокат. 

Адвокат қорғауындағы азаматтардың жарыссөзі жабық режимде өткенін құқықтың бұзылуы деп санамайды. 


"Түрмеде отырса да ақшасыз қалмайды": Танымал нумеролог Перизат Қайраттың тағдырын болжады


"3 миллион теңгеге фэншуй, 37 миллион теңгеге көлік": Сотта Перизат Қайраттың анасының блокнотындағы жазбалар оқылды


"Менің оған қандай қатысым бар? Бұл жерде қандай құқық бұзушылық болды? Алдын ала тыңдалымда бұл істі жабық өткізу туралы өтінішті Перизаттың берді. Сот отырысын жабық түрде өткізуді сұраған кезде екі негізді көрсетті. Біріншісі, банк құпиясы. Ол аударымдар мен қаржылық операциялар туралы мәліметтерге қатысты, олар бойынша сот санкциясы алынған. Бұл ақпаратта бірнеше мың адамның аты-жөні, аударылған сома туралы деректер бар. Екінші себеп, жеке өмірге қатысты мәліметтер. Оның ішінде жеке фотосуреттер мен бейнематериалда бар. Бір ғана телефонның өзінде 45 мың фото мен видео болған. Перизат олардың әлеуметтік желіге таралып кетуінен қауіптенді. Қолда бар мәліметке қарағанда, банк үзінділерін де жарияламаған", – деді Даулетияров.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатқанын жаздық. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған. 2023 жылы Газа секторына көмек көрсету мақсатында жиналған 83 миллион теңге және басқа да қайырымдылық қаражаттарының қалай жұмсалғаны туралы қоғамда күмән туындаған. Прокуратура жалпы шығынды 200 миллион теңгеден асады деп көрсетсе, жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, сенімге жасалған опасыздық деп санайды. 

"Стройконструкция" АҚ-ның өкілі Перизат Қайратты "алаяқтардың патшайымы" деп атап, оны әйгілі алаяқтар Остап Бендер мен Сонька Алтынқолмен салыстырды. Жәбірленушілер айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды талап етті. 

Нәтижесінде сот Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 25 Шілде, 2025 16:12
Талқылау