Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Оны байлап, қонуымызды күттім»: Ақтаулық дәрігер ұшақта жағдайы нашарлаған әйелге қалай көмек бергенін айтты

Астанадан Ақтауға ұшып бара жатқан бортта ақтаулық дәрігер жағдайы нашарлап, ес-түссіз қалған жолаушыны құтқарып қалды. Маман ұшақтағы баллондардың бірінде оттегінің болмауынан жағдайдың қиындағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақ ішінде қатты турбуленттілік кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, ауырған. Мұны байқаған стюардессалар ес-түссіз жатқан әйелге көмектесу үшін дәрігер іздей бастаған. Қайта рейсте Маңғыстау онкологиялық диспансерінің қызметкері болып, әйелге көмек көрсеткен. Маман жағдай баллондардың бірінде оттегінің болмауынан қиындағанын еске алды. Кейін екінші баллон дұрыс болып, қобдишадан қажетті дәрілер табылып, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін әйелдің қан қысымы тұрақтап, есін жиған.

“Оны жақсылап байлап, қонуымызды күттім. Қонған соң жағдайының тұрақты екеніне көз жеткізіп, жедел жәрдемге жеткіздім. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына телефон соғып, жағдайын сұрады. Тұрақты екенін естіген соң таңертең науқас үйіне ұшып кетті”, – деді Маңғыстау облыстық бөлім жетекшісі Талғат Аманжолов.

Бұл жайтты естіген көпшілік ұшақта оттегі баллондарының неге істен шыққанына таң қалды. Бірақ Fly Arystan Airline әуе компаниясы жағдайдың бақылауда екенін, стюардессалар жолаушыға көмек көрсеткенін жеткізіп жауап берді. 

“Ұшу аяқталғаннан кейін екі оттегі цистернасының да 1500 psi-ден жоғары екені анықталды. Бұл екі цистернаның да оттегімен толтырылғанын білдіреді. Әуе компаниясы қамқор маманға кәсіби шеберлігі мен борттағы жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді”, – деді әуе компаниясы.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 29 Маусым, 2023 16:28