Өнертапқыштар Қытайда тұратын қазақ қызына есту құрылғысын сыйға тартқан
Қытайда тұратын қазақ қызына есту қабілеті қайтарылды. Мылқау адамдарға тегін берілетін аппарат 7 жасар Әйгерімге де бұйырған.
Қазақ елінен арнайы барған бізге Үрімшіде тұратын қазақ отбасы біраз дайындалыпты. Ұлттық киім киіп, ана тілінде сөйлеп қарсы алды. 7 жастағы Әйгерім Қадыл осы уақытқа дейін ештеңе естімей келген. Түрлі есту құрылғылары да көмегін тигізбепті. Ал 3 жыл бұрын Қытайдың Ханджоу қаласында өнертапқыштар қара көз қазақ қызына заманауи есту аппаратын сыйға тартқан. Сол құрылғымен Әйгерімнің де өмірге деген жаңаша көзқарасы пайда болды.
Тағы да оқыңыз:
Екі автокөліктің астында қалған бала аман қалды (видео)
Талқылау