Өнердегі аға буын Төреғалидің дөрекілігіне қатысты пікір білдірді
Қарияға дөрекілік танытып, жекпе-жекке шақырған Төреғалидің әрекеті біраз уақыт ел талқысына түсті. Әріптестері мен қоғам белсенділерінен бастап, әншіні жаппай қоғам сынға алды. Бұл ретте біраз жылдан бері халықтың ықыласына бөленіп жүрген аға буын өкілдерінің Төреғалиға айтар кеңесі бар.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Мені мақтап жатыр, мен мақтанышпен тұрарлықпын деп бетіңмен кетуге тағы болмайды. Себебі халық бәрібір орныңа қояды”, – дейді күні кеше төртінші рет әке атанған Мұқасан Шахзадаев.
Жалындап тұрған 25 жасында халықтың ыстық ықыласына бөленген Тоқтар Серіковтің де Төрешке айтары бар. Әншінің айтуынша, атақты болу оңай, тек оны сақтап қалу үшін біраз еңбектену қажет!
“Атақты ұстап тұру үшін имандылық та, сабырлылық та, білімділік те, мықтылық та бәрі қажет. Соның бәрі бірлескен кезде атақ өз орнында қалады, егер оның біреуі кем болса, атақ жерге бетімен құлайды.
“Жеке басым сақтанатын нәрсем – елдің сөзіне қалмау. Бір жерде өзімнің осал түсімді көрсетіп қоймау, шамам келсе, ауырып тұрсам да, қиналып тұрсам да жымиып күлу. Жасандылық емес, халықтың көңілін қалдырмауға тырысамын”, – деп түсіндірді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт ашық-шашық киінген Жолдыбаеваны атышулы Байзақовамен салыстырды (фото)
Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)
Нұрлан Еспановтың ұлы мен Лидия Каденнің экс-келіні көңіл қосқан ба? (видео)