Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттар

Stan.kz жақын маңдағы дүкеннен сатып алуға болатын немесе үйдегі бар азық-түлікпен 15-25 минуттың ішінде жасауға болатын салаттардың рецепті мен жасалу әдісін ұсынады.

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттар

Көптеген жұмыртқа салаттарының негізі – қатып піскен тауық жұмыртқасы. Ал жұмыртқа қосылатын салаттарға түрлі дәмдеуіштер мен тұздықтар және қосымша ингредиенттер қосу арқылы оған ерекше дәм беруге болады.

Көк пияз қосылған классикалық жұмыртқа салаты

Дайындау уақыты: 15 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттар

Ингредиенттер

  • 4 тауық жұмыртқасы;
  • 4 ас қасық қаймақ;
  • Бір бума көк пияз;
  • Тұз және дәміне қарай бұрыш.

Әзірленуі

Жұмыртқа піскенше көк пиязды жуып, ұсақтап турап қойыңыз. Жұмыртқа піскен соң оны жақсылап суытып, қабығын тазалап, төрт бұрышты қылып тураңыз. Содан кейін дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз. Сосын қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз.

Ескере кететіні, бұл салатқа майонез де қосуға болады, бірақ үйдікін қолданған жөн. Қалауыңыз бойынша, салатқа жаңа піскен қияр немесе шалғам қосса да болады. Бұл оған көктемгі дәм береді.

Жүгері қосылған жұмыртқа салаты

Дайындау уақыты: 15 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарҚұрамы

  • 4 тауық жұмыртқасы;
  • 1 құты консервіленген жүгері;
  • 150 г қатты ірімшік;
  • 4 ас қасық майонез.

Әзірленуі

Жұмыртқа қайнап жатқанда ірімшікті үккіштен өткізіп, жүгерінің суын ағызып қойыңыз. Содан кейін жұмыртқаны төртбұрышты етіп тураңыз да басқа ингредиенттерге қосыңыз. Егер салат сәл құрғақ болып қалса, майонез немесе дәміне қарай басқа тұздық қоссаңыз болады.

Жүгері қосылған жұмыртқа салатына ірімшіктің орнына маринадталған қияр немесе консервіленген тунец қосып, түрлендіруге де болады. Бірақ, ол үшін балықты шанышқымен езіп, ал қиярды ірі үккіштен өткізіп қосу керек.

Ерітілген ірімшік (сыр) қосылған жұмыртқа салаты

Дайындау уақыты: 15 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарИнгредиенттер

  • 4 тауық жұмыртқасы;
  • 2 ерітілген ірімшік;
  • Қалауыңыз бойынша 3 түйір сарымсақ;
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш және майонез.

Дайындалуы

Бұл салатты тостерге жағып, таңғы аста жеген жақсы.

Салатты жасау үшін алдымен, жұмыртқа мен ірімшікті ұсақтап үккіштен өткізіп алыңыз. Ерітілген ірімшік қолыңыз бен ыдысқа жабыспау үшін оны бірнеше минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Содан кейін тұз бен бұрыш сеуіп, майонез қосыңыз. Егер ащы болғанын қаласаңыз, салатқа ұсақтап туралған сарымсақ қоссаңыз болады.

Қызанақ қосылған жұмыртқа салаты

Дайындау уақыты: 15 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты:

Ингредиенттер

  • 3 тауық жұмыртқасы;
  • 3 кішкене қызанақ;
  • 1 пияз;
  • 3 ас қасық қаймақ;
  • Бір бума аскөк;
  • Дәміне қарай тұз, қара бұрыш және құрғақ сарымсақ.

Дайындалуы

Алдымен қызанақ пен піскен жұмыртқаларды ірі текше етіп тураңыз. Содан кейін аскөк пен пиязды ұсақтап турап, қалған ингредиенттерге қосыңыз. Салатты жақсылап араластырыңыз да, қалауыңыз бойынша кепкен немесе кесіліп қуырылған нан қосып жеңіз.

Америкалық жұмыртқа салаты

Дайындау уақыты: 20 минут
Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттар

Ингредиенттер

  • 3 тауық жұмыртқасы;
  • 2 балдыркөк сабақтары;
  • 2 бума аскөк;
  • 1 бума көк пияз;
  • 2 ас қасық майонез;
  • 1 ас қасық дижон қышасы;
  • 1 ас қасық каперс немесе маринадталған 1 қияр;
  • ½ шай қасық қызыл бұрыш;
  • Дәміне қарай қара және кайен бұрышы.

Жасалуы

Балдыркөкті, көк пиязды және аскөкті жуып, ұсақтап тураңыз. Капес немесе маринадталған қиярды да майдалап турау қажет.

Ал піскен жұмыртқаны төрт бұрышты етіп тураңыз да туралған көк шөптерге қосыңыз. Содан кейін бұрыш сеуіп, майонез және қыша қосыңыз. 

Бұл салатты крекер немесе чипсымен бірге беруге болады. Сондай-ақ, мұндай салатты сэндвич немесе лавашқа да қосса болады.

Ветчина қосылған жұмыртқа салаты

Жасалу уақыты: 20 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарИнгредиенттер

  • 5 тауық жұмыртқасы;
  • 500 г ветчина;
  • 1 болгар бұрышы;
  • 1 қияр;
  • 1 құты консервіленген жүгері;
  • 1 бума аскөк;
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш және майонез.

Жасалуы

Бұл салат күнделікті және мерекелік дастарханға да жарай береді.

Жұмыртқа пісіп суығанша бұрыш пен қиярды жуып, көкөністерді ұзыншалап турап қойыңыз. Сосын жүгерінің суын төгіп, аскөкті тураңыз.

Жұмыртқаны ірілеу қылып турап, көкөніс, жүгері және көк шөптермен қосыңыз. Ең соңында дәміне қарай тұз бен бұрыш сеуіп, майонезбен араластырасыз.

Авакадо қосылған жұмыртқа салаты

Жасалу уақыты: 20 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарИнгредиенттер

  • 5 тауық жұмыртқасы;
  • 1 авокадо;
  • 1 қызыл пияз;
  • 2 ас қасық грек йогурты;
  • 1 шай қасық лимон шырыны;
  • 1 шай қасық дижон қышасы;
  • Дәміне қарай тұз және қара бұрыш.

Дайындалуы

Жұмыртқа піскенше тұздығын дайындап қойыңыз. Сондай-ақ, йогурт, қыша, лимон шырынын, тұз және бұрышты бірге араластырыңыз.

Содан кейін пиязды ашып, ұсақтап тураңыз. Егер, тәтті қызыл пияздың орнына кәдімгі пиязды қолдансаңыз, онда оны қайнаған суға салып алыңыз. Бұл артық ащылықты алып тастайды.

Содан кейін авокадо мәйегі мен жұмыртқаны текше етіп тураңыз. Сосын барлық ингредиенттерді қосып, тұзы сіңгенше қойып қойыңыз. Айта кетсек, бұл салатты тарталетка немесе салат жапырақтарына салып берсеңіз болады.

Асшаян қосылған жұмыртқа салаты

Жасалу уақыты: 20 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарИнгредиенттер

  • 3 тауық жұмыртқасы;
  • 500 г қабығы аршылмаған асшаян;
  • 1 қияр;
  • 3 ас қасық қаймақ;
  • 1 шай қасық дижон қышасы;
  • 1 шай қасық лимон шырыны;
  • 1 бума аскөк;
  • Дәміне қарай тұз және қара бұрыш.

Әзірленуі

Алдымен, жұмыртқа мен асшаяндарды қайнатыңыз. Тауықтың орнына бөдене жұмыртқасын пайдалансаңыз, салат дәмі әлдеқайда жақсы болады. Айта кететіні, асшаяндарды тұзды суда қайнатқан жөн. Содан кейін оны суытып, тазалаңыз. Егер асшаяндар кішкентай болса, оларды бөлудің қажеті жоқ.

Содан кейін жұмыртқаны үлкен текшеге, ал қиярды ұзыншалап турайды. Сондай-ақ, аскөкті де ұсақтап тураңыз.

Барлық ингредиенттерді бір ыдысқа салып, тұз бен бұрыш сеуіп, қаймақ қосылған қыша және лимон шырынының қышқылымен араластырыңыз. Дайын болған салатты қытай салат жапырағымен, крекермен немесе тарталеткамен бірге беруге болады.

Жұмыртқа құймағы мен кореялық сәбіз қосылған салат

Дайындау уақыты: 25 минут

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттарИнгредиенттер

  • 4 тауық жұмыртқасы;
  • 250 г кореялық сәбіз;
  • 1 құты консервіленген жүгері;
  • 1 ас қасық ұн;
  • Дәміне қарай тұз және майонез ;
  • Өсімдік майы.

Әзірленуі

Шын мәнінде, бұл ұзыншалап туралған омлет. Сонымен, жұмыртқаны шанышқымен көпіршітіңіз. Сосын оған тұз, ұн қосыңыз. Содан кейін, жақсы қыздырылған және май жағылған табада жұқа құймақ пісіріңіз. Олар суыған кезде құймақты орап, оны ұзыншалап тураңыз.

Шұңқыр ыдыста корейлік сәбіз салатын, жұмыртқа құймаларын және жүгеріні араластырыңыз. Сосын үстінен майонез қосыңыз. 
Егер корейлік сәбіз салатының дәмі ұнамаса, пиязбен қуырылған сәбізді қолдансаңыз болады. Сондай-ақ, бұл салатқа дәміне қарай ысталған тауық етін немесе басқа да етті қосуға болады.

Жұмыртқа құймағы мен тауық еті қосылатын салат

Дайындау уақыты: 40 минут. Егер піскен тауық еті болса, салатты 25 минуттың ішінде дайындауға болады.

Оңай жасалатын 10 жұмыртқа салаты: кез-келген жағдайдан алып шығатын салаттар

Ингредиенттер

  • 5 тауық жұмыртқасы;
  • 300 г тауық еті;
  • 1 қызыл пияз;
  • 1 құты жасыл бұршақ;
  • Қалауыңыз бойынша 1 сарымсақ;
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш және майонез;
  • Өсімдік майы.

Жасалуы

Сиыр еті піскенше құймақты дайындап қойыңыз. Бұл үшін кішкене ыдыста жұмыртқаны кезекпен шайқап алыңыз. Әрқайсысына тұз, бұрыш сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Кейде жұмыртқа қоспасына бір қасық сүт немесе жүгері крахмалын қосады. Бір жұмыртқадан – бір құймақ шығады. Құймақ тез пісетіндіктен, оларды қарап тұру керек.

Дайын құймақ пен тауық етін ұзыншалап тураңыз. Ал пиязды жарты шеңбер етіп тураңыз. Содан кейін құтыдағы бұршақ суын төгіп, барлық ингредиенттерді шұңқыр ыдысқа салып, соңында майонез қосыңыз.
Қажет болса, ұсақтап туралған сарымсақ қоссаңыз болады. Сондай-ақ, бұл салатқа маринадталған саңырауқұлақ қосуға да болады.
 

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Мамыр, 2019 13:56
Талқылау