"Оңашада атап өтем сенің туған күніңді": Арман Дүйсенов марқұм анасын еске алды
Арман Дүйсенов марқұм анасын 8 желтоқсан күні туған күнінде еске алды. Композитор анасына бір шумақ жыр жолдарын арнады.
Сазгер желіге анасының суретін жариялап:
"Көзің тірі болғанда егер тілегім мен ұсынар ем гүлімді,
Амалым не? Дұғамды арнап жүрегіммен бағыштаймын жырымды.
Сарғайғанмен, сарылғанмен, сағынғанмен дәрменім жоқ қайтейін,
Оңашада атап өтем бір өзіңмен сенің туған күніңді", - деп жазды Дүйсенов.
Желі қолданушылары сазгердің қайғысына ортақ екендерін жеткізіп, көңіл айтты.
"Анаңыздың жатқан жері жайлы болсын!", "Жаны пейіште шалқысын. Дұғаларыңыз қабыл болсын", "Анаңыз қандай сұлу жан!", "Жарыңыз анаңыздан аумайды екен", "Керемет өңді әйел екен", - деп жазды желі қолданушылары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”