Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Омырауыңды жап": Баян Алагөзованың қызына белгісіз еркек ескерту жасады

Атышулы продюсер Баян Алагөзованың екінші қызы Айару Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында өзімен болған ыңғайсыз жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/aiaru_bb

“Өзіммен-өзім келе жатсам, алдыман шамамен 25 жастағы жігіт шықты. Маған “омырауыңды жап” дегендей ишара жасады. Оған: “Кешіріңіз, сіздің менде шаруаңыз болмасын” деп жауап бердім. Еркектер, сіздердің жұмыстарыңыз қанша? Мұны әйелің мен қызыңа айт. Айдаладағы менде неңіз кетті? Бөтен біреудің маған ақыл айтуы қалды ма? Мұндай нәрсе қалайша қалыпты дүниеге айналғанына таңғаламын. Осындай адамдар өз орнын білу үшін мәдениеттілікті қойып, боқтап тастауыма болатын еді. Маған олай айтуға ешкімнің құқығы жоқ, тіпті менің жігітімнің. Мен ақыл-есі дұрыс, жеке тұлғамын. Не кисем де, қандай түсті киім кисем де, мейлі қысқа немесе ашық болсын мен өзім білемін. Бұл дұрыс нәрсе емес, менің айтарға сөзім жоқ”, – дейді ашуға мінген Айару Бақытбек.

Талқылау