AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмір сүргім келмеді": Әйгілі визажист Нұрлан ауыр күйзеліс пен аштықта өткен балалық шағы жайлы айтты

Танымал визажист Нұрлан Әлімходжаев (Nuchi Amazing) балалық шағының аштықпен өткенін айтады. Ол қатарластарына қызғанышпен қарап өскенін жасырмайды. Алайда бүгінде ата-анасына сол күндері үшін алғыс айтады. Одан бөлек, визажист ішкілікке салынып, өмірден баз кешкен сәттері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Нұрлан балалық шағын еске алды. 

"Бұл 90 жылдардағы қиын кезең болды. Анам жұмыс істеді, мен әжемнің қасында болдым. Бірақ кедейшілікке кейін тап болдық. 
Анам екінші рет тұрмысқа шықты. Күйеуінің жағдайы жақсы еді. Орталықта пәтері, бизнесі болатын. Кейін ісі тоқырауға ұшырап, өгей әкем "сынып" қалды. Ол кезде қарындасым дүниеге келіп үлгерген. Олар баланың жиһазына дейін сатты. 

Біз қазақпыз ғой, үйге келген адамға ас ұсынамыз. Бір күні үйге достарым келгенде анам оларға сылдыр судан тұратын сорпа құйып берді. Сорпаның дәмсіз екенін олардың түрінен аңғаруға болатын. Әрине, мен қалтасында ақшасы, үстінде дұрыс киімі бар достарыма қызғанышпен қарайтынмын. 

Балалық шағым аштықпен өтті. Бірақ қазір ол үшін ата-анама алғысымды білдіремін", – дейді Әлімходжаев. 



20-дан асқан шағында Нұрлан ауыр күйзеліске түскенін айтады. Отбасындағы мәселелер, жауапсыз махаббат, артық салмақ пен жалғыздықтың салдарынан ол ішкілікке салынған. 

"Мектеп кезінде ішімдік ішетінмін. Ол кезде аздан ішсем, кейін ұйқымнан оянбайтындай көп іштім. Өмір сүргім келмеді. Ішімдікке, есірткіге отыратын адамдар негізінде өзін құртқысы келеді", – дейді Нұрлан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр