"Өмір мен өлім мәселесі": Қарағандыда жағдайы нашарлаған әйелге көмектескен автобус жүргізушісі жұртты тәнті етті
Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушісі жағдайы нашарлаған жолаушы әйелді құтқарып жұртшылықты тәнті етті. Автобус ішінде ауырған әйелді бірен ауруханаға жеткізген жүргізуші өзге жолаушылардың қарсылықтарына қарамастан бірден көмекке ұмтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Novosti.karaganda парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
6 мамырда №53, мемлекеттік нөмірі 175BD09 автобусында жолаушы әйелдің жағдайы нашарлаған. Көлік ішінде бір жігіт оның есін жиуына көмектескен. Ал жүргізуші Алмас Мұратбек өзге жолаушылардың жол қозғалысын өзгертуіне қарсылықтарына қарамастан, ойланбастан науқасты дереу Ласточкадағы ауруханаға алып келген.
“Заманымыздың осындай нағыз батырларының арқасында адамдар жақсылыққа сеніп, үлгі алады.Жігітке және автобус жүргізушісіне үлкен рахмет!",- делінген желі парақшасында.
Біреулер сырқаттанған әйелге көмектессе кейбір жолынан қалған жандар жүргізушіге ашуланды. Алайда Алмас: "Бұл өмір мен өлім мәселесі!" деп бәріне қысқа қайырған. Ал кейін ол бәрін қажет жерге апаратынын айтып уәде берген. Жүргізуші осылайша әйелді дәрігерлер қолына тапсырған.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"