"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Фото: Желі кадрларынан скрин
TikTоk желісінде америкалықтарға Қазақстан туралы айтып жүрген жігіттің видеосы көпті тәнті етті. 18 жастағы АҚШ азаматы Саят Нокербан 4 жасында анасымен сол елге көшкен. Айтуынша, көбі америкалық әкесін көріп өзін толықтай қазақ деп ойламайды. Саят өмірі мен елге деген махаббаты туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.
Саят бүгінде Техас университетінде қаржы мамандығының 2-курс студенті. Ол TikTоk желісін белсенді түрде жүргізіп, Қазақстан туралы ағылшын тілінде көп деректер бөліседі. Жігіттің бұл видеоларын әлемдік ВВС порталы байқап, Қазақстан туралы сұхбат та алған екен.
“4 жасымда анам Техас штатындағы университеттен профессорлық қызмет бойынша жұмыс тауып, Америкаға көштік. Қызығы, көбі желідегі америкалық әкемді көріп, мені 100 пайыз қазақ емес деп ойлайды. Алайда шынында менің туған әкем қазақ. Кішкентай кезімде ол біздің отбасыдан кетіп қалған. Анам АҚШ-қа келген жылдары ағылшын тілін үйренуі үшін ұстаз керек болған. Солай америкалық әкеммен танысқан.
Фото: Саяттың жеке архивінен
Интернационал отбасыда тұрудың артықшылықтары бар. Мәселен қазақстандықтарға Америка туралы, ал АҚШ-тың адамдарына Қазақстан туралы айта аламын. Екі елде өмір сүргендіктен көп жаңа нәрселер көріп, білдім. Сол себепті адамдарға Қазақстанның мәдениетін көрсете алатын мүмкіндігім бар”, – деді Саят.
@sayatnokerban Day 1 in Kazakhstan 🇰🇿 #fyp #viral #kazakhstan #travel #centralasia #relatable #trip #vacation #culture #language #ethnic #immigrant ♬ original sound - Sayat
Саят 1,5 жыл бұрын анасымен АҚШ азаматтығына тест жасап, сол елдің азаматтығын алған.
“Дегенмен біз жанұямызбен наурыз тойлаймыз. Рамазан айы келгенде ораза ұстаймыз, мұсылмандармыз. АҚШ-та Айбар, Дәулет, Саша есімді үш қазақ досым бар.
Қазақстанға үш рет келгенмін. 10 жасымда жай қыдыруға келдім. 12 жасымда әжемнің жерлеуіне бардым. 18 жасымда тағы бір рет келдім. Бұл жолы блогым арқылы әлемдегі адамдарға Қазақстанды көрсеткім келді. Қазақстанды шын жүрегіммен жақсы көремін. Таулары, әсем табиғаты керемет! Көптеген қазақтар бауырмал, ашық мінезді. Қазақстандағы туыстарымды да қатты жақсы көремін. Анамның 12 бауыры бар. Сондықтан туысқандарым өте көп. Мұнда күн сайын бұрын көрмеген туысқандарыммен танысып, солардың үйлеріне барамын. Бір айға келіп 5 отбасының үйінде тұрдым”, – деп қосты ол.
@sayatnokerban I’m sorry 😞 #fyp #viral #asian #centralasia #kazakhstan #relatable #language #culture #ethnic #vlog #travel ♬ original sound - Sayat
Диас ВВС-ге берген сұхбатында Бораттың Қазақстан туралы көрсеткен видоларын жоққа шығарғанын жеткізді.
“Ол сұхбатта мен көп жаңа нәрселерді айттым. Қазақстанның ұлттық тамағы бешбармақ пен ерекше дәмді дайындалатын палау, лағман, манты, тағамдары туралы айттым. Қазақстанда әлем ішінде ең көп жабайы аттар бар екенін де жеткіздім. Қазақстанның әлем ішінде тоғызыншы ең үлкен мемлекет екенін көрсеттім. Бораттың айтқандары “шын ба” деп сұрады. Бораттың фильміндегі ақпаратты толықтай жоққа шығардым. Қосымша Қазақстанның музыкалық аспаптары домбыра, қобыз туралы айттым. Бірақ айтқандарымның ішіндегі ең мықтысы біздің руларымыз туралы болды. Мен орта жүз арғынмын. Қазақтардың жанұясын қатты бағалап сыйлайтыны туралы да бөлісе кеттім”, – деп қосты ол.
@sayatnokerban Day 2 in Kazakhstan 🇰🇿 #fyp #viral #travel #kazakhstan #centralasia #asian #relatable #language #culture #ethnic #vlog #grwm ♬ original sound - Sayat

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
