"Өмір қамшының сабындай қысқа": Дина Төлепберген Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Танымал тележурналист Дина Төлепберген Ақтау маңына құлаған ұшақ апатына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі жауапкершілік авиация сала мамандарында екенін айтты.
“Бұл апат қайғы ғана емес, жауапкершілік сұрағы. Біз шындықты білуге тиіспіз. Бұл жауапкершілік биліктің, авиация саласының және қоғамның мойнында. Қара жамылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Жақындарыңызды қатты құшақтап, қалай жақсы көретініңізді айтуды кейінге қалдырмаңыздаршы. Өмір – қамшының сабындай қысқа екен. Бір-бірімізді бағалайық", – деп жазды Дина Төлепберген.
Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан мерт болған қазақстандықтар туралы ақпарат белгілі болды.
Ішінде ана мен бала да бар. Ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтары арасында Маңғыстау облысынан бірнеше жолаушы болған.
Олар: 36 жастағы Сәндібек Төлесінов және 39 жастағы Бауыржан Жұмағұлов, 46 жастағы Галина Махсудова. Бұдан бөлек 49 жастағы астаналық Гаухар Шаймерденова мен оның ұлы 11 жасар Эльдар Жұмағат.
Сонымен қатар Қарағанды тұрғыны, 29 жастағы Сәлима Жұтаева да мерт болды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған