Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ "омикрон" штамының кімдер үшін қауіпті екенін айтты

Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтыру қарт адамдар мен вакцина алмаған азаматтар үшін қауіпті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мәлімдеді. Қазіргі уақытта жаңа штамды жұқтырғандар арасында егде жастағы адамдардың өлім деңгейінің артқаны байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

омикрон

Жаңа штамды жұқтырып, қаза тапқандардың көпшілігінде иммунитет әлсіз және созылмалы аурулары болған. Ал вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді. ДДСҰ мамандары омикронның дельта штамымен салыстырғанда қауіп деңгейі төмен болғанымен, жеңіл қабылдауға болмайтынын айтады.


Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады: Елімізде бір тәулікте 9 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды


“Омикрон жұқтырғандар арасында жеңіл өткенімен, оның қауіпті вирус екенін ұмытпауымыз керек. Әсіресе вакцина алмағандар үшін. Вируспен қатар өмір сүру өлім деңгейінің көптігіне көз жұмып қарау дегенді білдірмейді. Бұл инфекцияның таралуына жол бермеуіміз керек", – деді ДДСҰ директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігер "омикронды" балалардың қиын өткеретінін айтқан еді. 

Талқылау