Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омар Нұрмағамедов Бекзат Алмаханға қарсы жекпе-жек туралы пікірін білдірді

Жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедов Бекзатқа қарсы жекпе-жегі туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

UFC рейтингінде 13-орында тұрған Омар Нұрмағамедов лига матчмэйкерлері өзіне қарсы шығатын Бекзат Алмаханнан басқа ешкімді таппағанын айтты. 

“Ұзақ уақыт бойы жекпе-жек сұрап жүрдім. Олар міне, осымен шығасың деп Бекзатты ұсынды. Әрине, үш ай бойы жекпе-жек сұрап жүргендіктен кіммен болса да шығуға дайын болдым. Тек ең бірінші, “ол менімен жекпе-жек өткізуге келісті ме?” деп сұрадым. Олар Бекзат келісімін бергенін айтты. Үш ай бойы жекпе-жек беріңдер деп жүріп, онымен жұдырықтасудан бас тарта алмаймын ғой. Егер Бекзат келісімін берсе, мен дайынмын дедім” – дейді Омар. 


Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз

"Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді


Айта кетейік, Бекзат Алмахан мен жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедов 3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жұдырықтасады.   

Талқылау