Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешіріңіздерші: Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне кінәлі қыз оның ата-анасынан кешірім сұрады

Олжас Сүлейменовтің немересі көз жұмған жол-көлік апатына кінәлі Малика Мұхитова оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне кінәлі қыз оның ата-анасынан кешірім сұрады

Бүгін жол-көлік апатының салдарынан көз жұмған Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовтың ата-анасы алғаш рет сот отырысына келді. Оның өліміне кінәлі қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.

«Мен оның туыстарынан кешірім сұрағым келеді. Бұған дейін кешірім сұрауға еш мүмкіндік болмады. Сіздерден кешірім сұраймын. Күн сайын Алладан сіздердің мені кешіргендеріңізді сұраймын. Мен бұны қаламадым. Сіздерге қаншалықты қиын екенін түсінемін. Бізге де қиын болып жүр»,- деп жылады Малика Мұхитова сот отырысында.

Сотқа Ескендірдің әкесі мен анасы келді. Олар өздерін журналистердің суретке немесе видеоға түсірмегенін сұрағандықтан, сот олардың өтініші бойынша түсірілім жасауға тыйым салды.

Мұхитованың сөзіне қарағанда, ол апат болған күні жұмысынан үйіне қатып бара жатқан. Жол жөнекей азық-түлік дүкеніне кіре кеткен. Бойжеткен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне бұрылу үшін көлігін Мәңгілік ел даңғылында қойып кеткен.

«Мен тоқтып, алдымен көшеде көлік бар ма, жоқ па соны қарадым. Ештеңе болмады. Содан солға бұрыла бастаған кезде оң жағымнан қара нәрсе жыпылықтап өтіп, көлікке соғылды. Мен сасқалақтап қалдым, бұл сәт тіпті жадымнан шығып кетті. Бұның қалай болғаны есімде жоқ. Көліктің қалай айналып кеткенін де түсінбедім. Көліктен түскенде асфальтта жатқан жігітті көрдім, – деп жауап берді Малика Мұхитова.

Осы уақытта куәгерлер Ескендір Сүлейменовке қарай жүгіріп, жедел жәрдем шақырды. Ал, бойжеткен жедел жәрдем мен полицияны күтіп, сосын Қызылорда облысының ішкі істер басқармасында басшы болып істейтін әкесіне хабарласқан.

«Мен ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң шеткі сол жолақтан солға қарай бұрылдым», – деді Малика Мұхитова.

Ол сондай-ақ, көлікті жүргізу кезінде телефон мен басқа заттарды пайдаланбағанын айтты. Оның үстіне бойжеткен 2012 жылдан бері көлік жүргізіп келеді екен. Оның айтуынша, көлікті айдаған кезде көзінде линза болған екен. Өйткені оның көру минус 4,5.

Айта кетейік, өткен аптада  Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыздың қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан болатын.

Талқылау