Beeline OLX Қазақстан хабарландырулар сайтын 75 миллион долларға сатып алады

Фото: OLX Іnstagram парақшасынан
OLX Қазақстандағы өз үлесін толығымен сатып жатыр. Оны Beeline Kazakhstan сатып алмақшы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентттігі хабарлайды.
OLX хабарландырулар платформасы Қазақстандағы бизнесінің 100% үлесін Beeline Kazakhstan (VEON) компаниясына сатуда. Бұл туралы Beeline-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Сатылым сомасы – 75 миллион доллар (шамамен 40 миллиард теңге).
“OLX KZ – Қазақстандағы ең танымал цифрлық платформалардың бірі. 2025 жылдың 30 маусымындағы дерекке сәйкес, сайттың ай сайынғы белсенді қолданушылары – 10 миллион. Ал жарияланған хабарландырулар саны – 3,6 миллион болған”, – делінген хабарламада.
Сауда келісіміне реттеуші органдар мақұлдау берді, негізгі шарттар аяқталған. Алайда өту кезеңі барысында OLX Group жаңа иеге IT-қызметтер мен техникалық қолдау көрсетуді жалғастырады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген