AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлтіремін деп қорқытқан": Ер адам өзімен танысудан бас тартқан қызды соққыға жықты

Бішкекте өзімен таныспаған қызды ұрып-соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан порталына сілтеме жасап. 

Күдікті 28 мамырда полицияға жеткізілген. Бірақ келу міндеттемесімен босатылған. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Тұрғындар күдіктінің босатылғанына наразы болды. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Бұған дейін әлеуметтік желілерде жәбірленуші болған оқиға туралы айтып берді. Ол караоке-барда достарымен кездескеннен кейін үйіне бара жатқанда банкоматтан ақша алған. Ер адам жанына келіп, таныспақ болған. Қыз бас тартқан, ол артқа бұрылған кезде жігіт оны бір ұрған. Ол тіпті өлтіремін деп қорқытқан. Такси жүргізушісі жүгіріп барып жігітті сабасына түсірген. Кейін қызды үйіне жеткізіп салған.

Жәбірленуші қоғамдық резонанс болып, ер адам жауапкершіліктен құтыла алмайды деп үміттенеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр