Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың басты қарсыласы Такато татамиге қайта оралды

Фото:Olympic.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың басты қарсыластарының бірі жапондық Такато ұзақ үзілістен кейін татамиге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наохиса Такато жапонияның ең беделді турнирі Кодокан кубогында 60 келіде бақ сынады. Алғашқы белдесуінде ол жеңіске жеткенімен, екінші айналымда ваза-ари ұпайымен қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Елдос Сметов пен дзюдошысы Такато екеуі жақын дос. 2024 жылы Париж Олимпиадасында Елдос, Такатоның киманосын киіп шыққан еді.

Сонымен қатар Елдос 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанса, жапониялық дзюдошы қола жүлдеге қол жеткізген. Ал Токиода Такато чемпион болса, Елдос қола медаль еншілеген. Париж Олимпиадасында Елдос Сметов чемпион атанып, ел мерейін үстем еткен. Бірақ Наохиса Такато 2023 жылы өткен Токио Гранд Слэмінде өзінің құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямадан жеңіліп, Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айрылған.

Айнұр Мұхади
Жұма, 07 Қараша, 2025 21:24
Талқылау