Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиаданың 11-ші күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі

Рио Олимпиадасының он бірінші күнінде қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрі бойынша бақтарын сынайтын болады,- деп хабарлайды Sports.kz.

Ниязымбетов

Сурет:khabar.kz

Жарыс күнін ерлер арасында 10 шақырымға жүзу марафонына қатысатын Виталий Худяков бастайды.

Астана уақытымен сағат 18:23-те Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева байдаркада 500 метрге жұптасып есудің финалында өнер көрсетеді.

Сағат 18:47-де байдаркада 200 метрге жекелей есу финалында Инна Клинова ел намысын қорғайды.

Сағат 20:19-да жеңіл атлет Анастасия Пилипенко кедергілермен 100 метрге жүгіреді.

Боксшы Жайна Шекербекова (51 кг дейін) сағат 2:15-те ширек финалда  әлемнің экс-чемпионы франциялық Сара Урамунмен жұдырықтасады.

Боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін) Астана уақытымен 3:30-да финалға шығу үшін британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді.

Олимпиаданың он бірінші күні қазақстандық спортшылар үшін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) нигериялық Эфе Аягбаға қарсы ширек финалдық кездесуімен аяқталады.

 

Талқылау