Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға Қытай атынан қатысып жатқан этникалық қазақ қызы қазақстандықтарға туған тілінде үндеу жолдады

Қытай құрамы сапында Олимпиадада өнер көрсетіп жатқан Ақнар Ардақ туған тілінде қазақстандықтарға үндеу жолдап, алғысын білдірді. Ол Олимпиадаға конькимен жүгіру спортынан қатысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ZTB.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақнар Ардақ

"Қолдау көрсеткендеріңізге рахметімді айтамын. Бүгін жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мен Синьцзян-Ұйғыр ауданында туылғанмын. 11 жасымнан бастап конькимен сырғанауды үйрендім. Үй-ішім теледидар арқылы менің жарысымды көріп отыр. Мұнда Қазақстаннан келген жақсы достарым бар. Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетулеріне тілектеспін", - деді ол өз үндеуінде. 

Еске сала кетейік, Ақнар Ардақ өзінің сұлулығымен желі қолданушыларын тәнті еткен. Олимпиадаға қандасымыз конькимен 1 500, 3 000, 5 000 метрге жүгіру бойынша бақ сынауда. 

Назархан Уән
Жұма, 11 Ақпан, 2022 07:45
Талқылау