Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өліммен аяқталған демалыс: Қырғызстанда екі журналист Беш-Таш өзеніне батып кетті

Қырғызстанда табиғат аясындағы демалыс кезінде екі бірдей телевизия маманы өзенге батып кетті.

1392501

Бұл туралы Turmush агенттігі хабарлады.

Талас аудандық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Беш-Таш қорығының аумағында өзенге 1983 жылы туған ер адам мен 1979 жылы туған әйел адам батып кеткен.

Суға батып кеткендердің мүрдесін жергілікті тұрғындар шығарып алып, жедел жәрдем қызметіне табыстаған.

Оқыстан қаза болған қос журналист – 34 жастағы Суйун Омурбеков пен 38 жастағы Эльмира Суйутбекова. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Эльмира өзенге қолын жумақшы болып, абайсызда құлап кеткен. Ал оны құтқаруға асыққан Суйун артынан секірген. Алайда екеуі де өзен ағысына қарсы тұра алмай, суға кеткен.

Қаза болған журналистер демалыс орнына әріптестерімен бірге демалуға барыпты. Суйун Омурбеков телеарнаның атқарушы директоры, ал Эльмира Суйутбекова белді қызметкері болған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өрт сөндіру көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкентте үйі өртеніп кеткен 83 жастағы қарт көшеде түнеп жүр

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі оның пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

18 жыл бойы “Макдоналдстан” тамақтанған әйел қандай жағдайға ұшырағанын көрсетті (фото)

Талқылау