Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлім аузында жатып сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің диагнозы қате болып шыққан

Джек Кейнді арқасындағы ауру жиі мазалағаннан кейін, дәрігерлер оған қатерлі ісік диагнозын қойған. Ауыр хабарды естіген жігіт артық уақыты жоқ екенін түсініп, сүйікстісіне ұсыныс жасаған. Алайда жігітке қойылған диагноз қате болып шыққан.

Тамыз айында 23 жастағы Джек дәрігерге қаралып, арқасы мен аяғы ауыратынын айтып шағымданған. Тексеріс барысында омыртқасының жоғарғы бөлігінде қатерлі ісік бар екені анықталған. Нәтижесінде Джекке қатерлі ісіктің соңғы кезеңі деген диагноз қойылған. Тіпті, дәрігерлер жігіттің бірнеше апта ғана ғұмыры қалғанын ескерткен. Ауыр хабарды естіген Джек бірден сүйіктісі Эммиге ұсыныс жасауды ұйғарған.

«Біз бір-бірімізбен қоштасуға дайындалып, басқа түскен жағдайға көндік. Бұрыннан бері өмір бойы қол ұстасып өткіміз келген. Джектің бірнеше апта ғана өмірі қалғанын естігенімізде, қандай күйде болғанымызды айтып жеткізу қиын. Біз бұрын да үйленгіміз келіп жүрген. Бірақ оны болашақтың еншісіне қалдырған едік. Джектің жақында дүниеден озатынын айтқан кезде, үйленуге шешім қабылдадық», – дейді Эмма.

Арада небары 8 күн өткеннен кейін дәрігерлер диагноздың қате қойлғанын айтқан. Ал Джек «Девик ауруынан» зардап шегеді екен. Десе де аталған аурудың себебінен жігіт сал болып, уақыт өте келе көзі көрмей қалуы мүмкін.

«Аман қалатыным, өлмейтінім туралы жаңалықты түсінуім үшін біраз уақыт қажет болды. Мен ең жаман оқиғаға дайындалып жүрген едім ғой. Тек бірнеше күн өткеннен кейін қатерлі ісіктен дін аман екенімді сезіндім. Той алдында қуанышты жаңалықты отбасыммен бөлістім. Ал той кезінде қонақтарға хабарладым. Бұл жаңалықты жақындарыма айтқан кездегі жағдай мен көңіл-күйді сөзбен айтып жеткізгісіз. Бұл сәтті ешқашан ұмыта алмаймын», – деп еске алады Джек.

Джек өзіне көз тиіп қалады деп қорыққандықтан, тойға дейін тіс жармауды ұйғарыпты. Ол Мидлсбродағы Джеймс Кук университетінің ауруханасында өткен салтанатты рәсімде қуанышты хабарды жақын туыстарына жеткізген. Мұнан соң тойдағы 130 қонақтың алдында өзінің қатерлі ісіктен құлан-таза сау екенін хабарлаған.

Ендігі Джек емдік курстардан өтуі тиіс. Ол болашағына зор үмітпен қарайды.

«Мен сирек кездесетін дерттен зардап шегемін. Бұл ауру туралы деректер аз. Жаңа өмір бастамас бұрын, көп нәрседен өтіп, ем қабылдауым керек. Бірақ ауыр дерттен көз жұмғаннан ауруханада бірнеше ай емделген әлдеқайда жақсы. Салыстыруға де келмейді», – дейді. Джек.

Оқи отырыңыз:

Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды

8 жасар бала қарандаштың кесірінен көз жұма жаздады

Полицейлер зейнеткерді өлтірмек болған мысықты ұстады

Махаббат құдіреті: Жыртқыш ұрғашы арыстанға ұнау үшін туристерге шабуыл жасады (видео)

Талқылау