Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлекселермен қоректенген": Әйел пәтерінде 500-ден аса егеуқұйрық ұстаған

Мәскеу түбінде 55 жастағы әйел екі бөлмелі пәтерінде 500-ден аса егеуқұйрықты ұстаған. Бүгінде оны психиатриялық ауруханаға алып кетіпті. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Подмосковье сегодня» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, еріктілер Надсонов көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің біріндегі кеміргіштердің нақты санын есептей алмай отыр. Олардың саны – шамамен 500 бен 600-дің аралығында. Егеуқұйрықтардың 400-ге жуығын еріктілер ұстап алған.

Сондай-ақ, пәтерден сәндік мақсаттағы егеуқұйрықтардың бірнеше түрі табылған. Олардың қатарында сфинкс аталатын түрі де бар. 

«Бүкіл жерде егеуқұйрық өріп жүрді. Олар бүкіл бөлмеде, тіпті еденнің астында мекендеген. Иесі оларды аш ұстаған немесе асырай алмаған болар. Кеміргіштер өліп қалғандарының өлексесін жеген», - дейді «Тағдыры ауыр егеуқұйрықтарға көмек қоғамдастығының» белсендісі Надежда Ефремова.

Басылым мәліметінше, пәтерінде егеуқұйрықтарды ұстаған әйел психикалық ауруға шалдыққан. Оны жалғыз інісі де растады. 

«Қазір әпкемді психиатриялық ауруханаға емдеуге алып кетті. Қанша уақыт жататынын білмеймін», - дейді ол.

Тверь, Санкт-Петербург және Ярославльден келген зауытшылар 100-ден аса егеуқұйрықты алып кетті. Ендігі еріктілер қалған кеміргіштерді орналастыратын жер іздеп жүр.

Талқылау