"Олар заңды бұзуда": Алматы әкімі Қытай елшілігінің алдында митингке шыққандар туралы
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытай елшілігінің алдында митинг ұйымдастырғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жалпы митинг немесе шеру туралы айтатын болсақ, былтыр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған байланысты заң қабылданған. Сол заң шеңберінде біздің қалада бейбіт митинг өткізуге болатын үш орталық белгіленген. Оның барлығының мекенжайлары көрсетілген. Соларды бірі Ғылым академиясын алдындағы көше. Заң қабылданғалы бері 500-ге жуық осындай іс-шара өтіп жатыр. Яғни заңға сәйкес құжат келсе, әкімшілік оған еш қарсылық білдірмейді", – деді қала әкімі.
Оның сөзінше, митингке шыққандарға қысым көрсетіліп жатқан жоқ.
"Ал қандастар мәселесі бойынша наразы топ тек ақпан айында бір ғана рет митингке шығамыз деп ескертті. Заңға сәйкес болмағандықтан, біз олардың ұсынысын кері қайтардық. Одан кейін біздің басқармаға ондай ұсыныс келіп түскен жоқ. Сол себепті біз оларға митинг өткізуге рұқсат бере алмадық. Наразы топ 8 наурыздан бері митингке шығып, елшіліктің алдында тұрып, азаматтық құқықбұзушылыққа жол беріп жүр. Осыған байланысты қалалық, аудандық прокуратура тарапынан оларға ескерту жасалды. Осы ескертулерді елемегендіктен, шерушілерге түрлі айыппұлдар салынып, кейбірі 15 күнге қамалды. Десек те тұтқындалған азаматтарды ұрып-соғып, қорқытып жатыр деген ақпарат естімедім. Егер куәгерлер қандай да бір материал көрсете алса, біз тиісті шара қолданамыз", – деп қосты ол.
- Қытай елшілігінің алдына наразылыққа шыққандар ұсталды: Оларды жауапкершілікке тартып жатыр
- "Өте өкінішті": Қытай лагерлеріндегі қазақтардың мәселесіне сыртқы істер министрлігі араласа алмайтынын айтты
- "Намаз оқығаны үшін 15 жылға соттаған": Түзету лагерьлеріне жабылған қандастарымыздың туыстары Қытай елшілігінің алдына нарызылыққа шықты