Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар тыныш өмірді қалады": Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты мәлімдеме жасады

БАҚ өкілі, журналист Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты ақпаратты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

Медиа маманы өнер иесінің ана атанып, қызды болғанын сүйіншілеген еді. 

“Кеше осы сүйінші жаңалықты бөліскен едім. Барлық сайт, оқырман шулап кетті ғой. Ақпарат ресми түрде шыққан соң құттықтадым. Жекеге неше түрлі хаттар келді.

Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері.

Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!" – деп жазды Анна Данченко.



Еске салайық, әнші отандық киножұлдыз Ғазірет Қажымұқанұлымен шаңырақ көтерген еді. 

“Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды. Мен отбасы құрылғаннан бері іштей өзгерген шығармын. Бірақ Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне мен әсер еткен жоқпын. Оған осылай киін деп ешқашан айтқан емеспін. Барлық мәселені бірге талқылаймыз. Біз танысқаннан бергі екі жылда психологияны көп оқыдық, меңгердік", – деді Ғазірет Қажымұқанұлы.

Талқылау