Олар нағыз батырлар: Елена Малышева қазақстандық дәрігерлердің жұмысын жоғары бағалады
Танымал ресейлік тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева Қазақстандағы дәрігерлердің жұмысы және COVID-19-ға қарсы күрес туралы пікір білдірді.
Ол ATAMEKEN BUSINESS телеарнасына сұхбат берді.
«Қазақстаннан оралған мәскеулік дәрігерлеріміз сіздің дәрігерлеріңіз туралы үлкен құрметпен айтады. Олар жай ғана батырлар. Сондықтан, Қазақстан дәрігерлеріне тек алға дер едім!» - деді Елена Малышева.
Ол атап өткендей, посткеңестік елдерде ауруханалар әдетте ескі, жөнделмеген ғимараттарда орналасқан. Тележүргізушінің айтуынша, қазір медицина үшін бәрін жасайтын уақыт келді.
Дәрігер тек емдеуі керек, ал төсек-орын, дәрі-дәрмек, антикоагулянттардың жетіспеуі дәрігерлердің міндеті емес, «олардан жоғары» адамдардың мінеті деді.
«Біздің көмегіміз, біз Қазақстанға ыстық ықыласпен көмектесеміз және сіздің дәрігерлеріңізге құрметпен қараймыз», - деп толықтырды Малышева.
Ол сонымен бірге қазір дүрбелеңге салынатын кез емес екенін айтты.
«Коронавирус - біз алты айдан бері білетін инфекция. Егер бірінші айда бүгінге дейін ешкімге белгісіз вирустың мүлдем жаңа түрі екендігі дәлелденсе, бүгін біз бұл инфекцияның аса қауіпті емес екенін толық түсініп отырмыз.
Мысалы, қызылша ауруымен коронавирусты салыстыратын болсақ, онда қызылшаға шалдыққан науқас 16 адамды жұқтырады, ал КОВИД-19-бен ауырған адам бір-екі адамды жұқтырады», - деді Малышева.
Ол сонымен қатар коронавирус балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпсіз екенін айтты.
COVID-19 жұқпауы үшін сіз қолыңызды жуып, адамдар көп жерлерде маска немесе респиратор киюіңіз керек.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
